Басты бет Жаңалықтар Жетінші жұп болып Аспанбек пен Тілеген шықты
Жетінші жұп болып Аспанбек пен Тілеген шықты

Жетінші жұп болып Аспанбек пен Тілеген шықты

 331 0

Көрермендердің суырған жеребесі арқылы айтыстың жетінші жұбы болып Павлодарлық Аспанбек Шұғатаевпен Қарағандылық Тілеген Әділов шықты. 

Айтысты Аспанбек бастап:

«Енді ешқашан бұл қазақ,

Арыстарын атпасын.

Мен секілді ағасы,

Қазақтың бөлтіріктерін

Сен секілді броконерьлердің,

Мылтығынан сақтасын» — деп кезегін береді.

Сонда Тілеген:

«Шенеунік, шенділер

Бизнесмен, белділер,

Солардың кесірінен

Қаншама киік қырылды.

Броконерь деп сен менің,

Келтірдің ғой жынымды.

Айтатын болсаң осыны айт,

Қаттырақ шығар үніңді.

Айта алмасаң Аспанбек,

Кетірме босқа құныңды,

Шаршатпа босқа тіліңді» — деп жауап береді.

«Абайы бар заманың арайы бар,

Абайы жоқ қоғамның алаңы бар» — деп айшықты шумағымен Тілеген Әділов айтысты қорытындылайды.

Қазылардың дауысымен келесі айналымға Тілеген Әділов өтті

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *