Басты бет Жаңалықтар Сегізінші жұп болып Рүстем мен Серік шықты
Сегізінші жұп болып Рүстем мен Серік шықты

Сегізінші жұп болып Рүстем мен Серік шықты

 1 404 0

Қоржында қалған соңғы Шығыстық қос ақын Рүстем Қайыртай мен Серік Қуанғанұлы айтыстың сегізінші жұбы болып шықты.

Айтысты бастаған Серік:

«Ағайын екі ай бұрын бұл Рүстем,

Алтын домбыраны ұтып алған ақын.

Атағыңнан қорықпай айқасайын,

Жайым жоқ жағымсынып жан бағатын.

Алтын домбыра Семейге бармапты ғой,

Осынау іс болыпты таң қалатын.

Алтын түгілі өзің де бармапсың ғой,

Шақырған жоқ па сені Ермак әкім.

Аталы сөзге тоқтар інің едім,

Атаға тартып туып оқ жонатын.

Ал енді мағыналы айтысармыз,

Қалауын тапсаң әркез қар жанатын.

Таңдайыма тәтті өлең тәңір құйса,

Маңдайымнан жарқырап бақ жанатын.

Шоқтанып қос жанарың сөйлегейсің,

Шолпан жұлдыз туғандай таңға жақын.

Сонда Рүстем:

«Алтын домбыра айтысында қорғадым мен,

Шығыстағы Абай туған ел намысын.

Абай өлең жазбаған ермек үшін,

Рүстем алтын алмаған Ермак үшін» — деп жауап береді.

Серік: 

«Алашқа аты әйгілі жігітсің ғой,

Төбел торы секілді төре мінген.

Айтсаң да, айтпасаң да өткізеді ау,

Себебі тамыр, таныс көлемің кең.

Оза шауып тұрсам да өнеріммен,

Белден басып кетесің беделіңмен» — деп айтысты аяқтайды.

Қазылар алқасының берген дауысы нәтижесінде келесі айналымға Серік Қуанғанұлы өтті

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *