Басты бет Жаңалықтар Айтыстың финалдық айналымы аяқталды
Айтыстың финалдық айналымы аяқталды

Айтыстың финалдық айналымы аяқталды

 314 0

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерекесіне орай өтіп жатқан «Адамзаттың алыбы — хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысының финалдық айналымы өтті.

   Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші айналымда үздік өнер көрсеткен төрт ақын екі жұп болып финалға өтті.

   Олар Мұхтар Ниязов, Серік Қуанғанұлы, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанханұлы.

     Алғашқы жұп болып Мұхтар мен Серік өнер көрсетті. Екінші жұпта Еркебұлан мен Мейірбек айтысты. Қазылар алқасы дауыс беруді тоқтатып айтыс нәтижесін марапаттау рәсімінде бір-ақ айтуға шешім қабылдады. Санаулы минуттардан соң жүлдегерлер анықталатын болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *