Басты бет Жаңалықтар «Адамзаттық алыбы — хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы аяқталды. Қорытынды нәтижелер
«Адамзаттық алыбы — хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы аяқталды. Қорытынды нәтижелер

«Адамзаттық алыбы — хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы аяқталды. Қорытынды нәтижелер

 441 0

Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерекесіне орай өткен «Адамзаттың алыбы — хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы аяқталды.

     Аламан айтысқа Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Тілеген Әділов, Еркебұлан Қайназар, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ережеқызы, Шалқарбай Ізбасаров, Айтбай Жұмағұлов, Серік Қуанғанұлы, Нұрзат Қару, Ершат Қайболдин, Болатбек Оразбаев, Мейірбек Сұлтанхан, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Нұрлан Есенқұлов сынды елімізге танымал 16 ақын қатысып, бақ сынасты.

     Сөз сайысын ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ Басқарма Төрағасы Ж. Ерман жүргізді.

     Алғашқы айналымда 16 ақын 8 жұп болып айтысып, олимпиадалық жүйе бойынша өнер көрсеткен ақындардың нәтижесі төмендегіше болды:

1-жұп: Марат Ахметов (Ақтөбе)  — Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан);

2-жұп: Е. Қайназаров (Нұр-Сұлтан) — Е. Қайболдин (Ақтөбе);

3-жұп: Б. Оразбаев (Алматы) — М. Сұлтанхан (Нұр-Сұлтан);

4-жұп: Ш. Ізбасаров (Атырау) — Н. Есенқұлов (Шымкент);

5-жұп: Р. Қайдаров (Павлодар) — Н. Қару (Қызылорда); 

6-жұп: М. Нияз (Қызылорда)  — А. Жұмағұлов (Қарағанды); 

7-жұп: Т. Әділов (Қарағанды) — А. Шұғатаев (Павлодар);

8-жұп: Р. Қайыртай (Алматы) — С. Қуанғанұлы (ШҚО).

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші айналымда үздік өнер көрсеткен төрт ақын екі жұп болып финалға өтті.

     Олар Мұхтар Ниязов, Серік Қуанғанұлы, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанханұлы.

    Алғашқы жұп болып Мұхтар мен Серік өнер көрсетті. Екінші жұпта Еркебұлан мен Мейірбек айтысты.

Қазылар алқасының нәтижесі бойынша жалпы қорытынды нәтиже мен рейтингтік ұпайлар төмендегіше орналасты:

Бас жүлде (Рейтингтік ұпай — 100) – М. Нияз (Қызылорда);

І-орын (р.ұ. 75) — М. Сұлтанхан (Нұр-Сұлтан);

ІІ-орын (р.ұ. 50) —  Е. Қайназар (Нұр-Сұлтан);

ІІ-орын (р.ұ. 50) —  С. Қуанғанұлы (ШҚО);

ІІІ-орын (р.ұ. 25) — Т. Әділов (Қарағанды);

ІІІ-орын (р.ұ. 25) —  Р. Қайдаров (Павлодар);

ІІІ-орын (р.ұ. 25) —  Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан);

Арнайы жүлде (р.ұ. 10) — Н. Есенқұлов (Шымкент);

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — Ш. Ізбасаров (Атырау;

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — А. Жұмағұлов (Қарағанды)

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — Н. Қару (Қызылорда);

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — А. Шұғатаев (Павлодар);

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — Р. Қайыртай (ШҚО);

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — М. Ахметов (Ақтөбе);

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — Е. Қайболдин (Ақтөбе);

Қатысқаны үшін (р.ұ. 5) — Б. Оразбаев (Алматы).

aitysker.org

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *