Басты бет Жаңалықтар Бүгін айтыстың алмас қылышы Ерік Асқаровтың туған күні
Бүгін айтыстың алмас қылышы Ерік Асқаровтың туған күні

Бүгін айтыстың алмас қылышы Ерік Асқаровтың туған күні

 100 0

Бүгін қазақ әдебиеті көгіне жарқ етіп көтеріліп, мезгілсіз ерте сөнген жұлдыздардың бірі – Ерік Асқаровтың туған күні. Таланатты жазба және айтыс ақыны, режиссер Ерік Асқаров 1959 жылы 10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев (бұрынғы Булаев) ауданының Дүйсеке аулында дүниеге келген. Орта мектептен кейін Алматыдағы Көркем театр институтын режиссер мамандығы бойынша бітіреді.

Республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағы әдеби қорының директоры қызметтерін атқарады. Көкшетау, Астана қалаларында қызмет атқарған.

1983 жылы Алматы Көркем театр институтын бітіріп, режиссер мамандығын алған. Республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби қорының директоры болған, Көкшетау, Астана қалаларында қызмет атқарған. «Қарлығаш», «Жетіген», «Аққудың көгілдірі» атты жыр жинақтарының, «Біржан сал», «Петропавловск – қызылдардың қаласы» атты пьесалардың авторы. Айтыскер ақын ретінде көптеген айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған. И.Гогольевтің «Наара суох», Л.Табукаиевилидің «Арманымның ақ құсы» пьесаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (1988), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1990) лауреаты.

О.Бөкейдің «Қар қызы» повесі мен С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы бойынша бейнефильмдер түсірген.
М.Мақатаев атындағы сыйлықтың, Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері, Халықаралық «Түріксой» поэзия фестивалінің лауреаты.

Ақын 2003 жылы дүниеден озды. 

Қазіргі таңда ақынның ұлы, асылдың сынығы Бекзат Ерікұлы Асқаров республикалық айтыстарда өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанып, әке мұрасын жалғап жүрген ақындардың бірі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *