Басты бет Айтыскер ақындар ҚАЙНАЗАР Еркебұлан Әбілханұлы

ҚАЙНАЗАР Еркебұлан Әбілханұлы

 866 4

ЕркебұланҚАЙНАЗАР Еркебұлан Әбілханұлы

1984 жылы 18 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына қарасты А. Үсен ауылында дүниеге келген. А. Үсен атындағы орта мектепте оқып (1991-2001),кейін ақын Әбдіхалық Әбдірайымұлы ашқан Шымкент қаласындағы «Жас ақындар мен импровизаторлар, жыршы-термешілер» мектебін үздік бітірген (2001-2002). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің педагогика факультеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында білім алып, үздік бітірген (2002-2006). ҚР Президенттік Мәдениет орталығының «Ұлттық дәстүрлер театрында» қызмет атқарған (2007-2012). 2012 жылдан Қазақ Ұлттық өнер университеті, Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының» атқарушы директоры. Астанада өткен «Ауылым-алтын бесігім» атты Республикалық айтыста І-орын (2004), Алматы облысы Алакөл ауданының 80 жылдығына орай өткен Республикалық айтыста І-орын (2008) ,Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында өткен Республикалық айтыста Бас жүлде (2008), Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» айтысында арнайы жүлде (2010), «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты Халықаралық айтыста жүлделі ІІ – орын (2011 ) иеленген. 2013 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған «Текті сөздің төресі – терме» атты Республикалық байқауда ІІ-орын иеленген.

 АЙТЫСТАРЫ

ЕРКЕБҰЛАН ҚАЙНАЗАР МЕН ҚАЙРАТ ҚҰЛЕКЕШОВТЫҢ АЙТЫСЫ

ЕРКЕБҰЛАН ҚАЙНАЗАР МЕН МҰХТАР НИЯЗОВТЫҢ АЙТЫСЫ

ЕРКЕБҰЛАН ҚАЙНАЗАР МЕН ҚАЙНАР АЛАГӨЗОВТЫҢ АЙТЫСЫ

 

Пікірлер(4)

  1. Ассалаумағалейкум Еркебулан мырза! Атқарып жатқан істеріңізге үлкен табыстар тілеймін. Жақында астанада 17 маусымда өткен айтыста 2 және 3 жұп болып айтысқан ақындардың Айтыскер порталында жарияланған аудио нұсқасының дауыстары шықпайды, осы айтыстарды қайта жүктесеңіздер екен. Көп рахмет ! Айтыс сүйер көрермен Серік

  2. Еркебұлан аға менің білуімше сайтпен сізде айналысасыз, ақындар арасында Оразбаев Болатбек көрінбейді. Қоссаңыз жақсы болар еді…

  3. Cізге шығармашылық табыс, алдағы айтыстарда сәттілік тілеймін. Қазағымның ізін жалғастырушы жас ұрпақтарға үлгі — өнеге көрсетіңіз. Қазақилық мәңгі жасасын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *