Басты бет Жаңалықтар «Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы өтеді
«Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы өтеді

«Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы өтеді

 808 0

Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде алдағы 14-15 ақпан күндері «Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылады.

Аламан додаға түсетін жас ақындардың айтысын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағы» басқармасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған айтыс өнерінің саңлақтары қазылық етеді.

 

Айтысқа республикалық жоғары оқу орындарының 18-29 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.

Айтыс екі кезеңде өтеді.

Іріктеу кезеңі 14 ақпан күні сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бас оқу ғимаратының конференц-залында өтеді. Мекенжайы: Достық даңғ., 13.

Ақтық кезең 15 ақпан күні сағат 11.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Мекенжайы: Қалдаяқов көш., 35.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Қазына Бекбенбетова 87016642721,

 

Шұғайып Сезімхан 87757763802.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *