Басты бет Жаңалықтар «Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы өтті
«Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы өтті

«Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы өтті

 431 0

Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 14-15 ақпан күндері «Менің пірім — Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Аламан додаға түсетін жас ақындардың айтысын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағы» басқармасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған айтыс өнерінің саңлақтары қазылық етті.

Айтысқа республикалық жоғары оқу орындарының 18-29 жас аралығындағы білім алушылары қатысты.

Айтыс екі кезең бойынша өтті.

Іріктеу кезеңі 14 ақпан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бас оқу ғимаратының конференц-залында өтті. 60 жас ақын қатысқан іріктеу кезеңінен келесі ақтық кезеңге 18 жас ақын іріктеліп шықты.

Ақтық кезең 15 ақпан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегіше орналасты:

Бас жүлде — Аян Ниязбек (ҚазҰӨУ);

І орын — Нұрбол Жауынбай (ҚазҰУ);

ІІ орын — Айбын Жамали (ҚазҰПУ);

ІІІ орын — Расул Сауытбек (Қайнар Академиясы).

Барлық ақтық кезеңге өткен ақындар арнайы сыйлақтармен марапатталды.

aitysker.org

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *