Басты бет Жаңалықтар Айбек Қалиев 42 жаста
Айбек Қалиев 42 жаста

Айбек Қалиев 42 жаста

 111 0

Бүгін Халықаралық, республикалық ақындар айтысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған, «Айтыс ақтаңгері» Айбек Қалиевтің туған күні.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға ақынның айтыста айтқан айшықты шумағын ұсынамыз:

Айбек Қалиев:

Ашылса асыл жырдың ақ сандығы,
Ақынның шашу болсын шашқан жыры.
Айтыста мені шал деп тұқыртушы ед(і),
Өткерген соң айтамын бастан мұны.
Алпыстың аулына аяқ басқан жылы,
Айтысса бұл Секеңнің асқарлығы.
Секе биыл айтысты көбейттің ғой,
Биылғы жыл емес пе ед(і) жастар жылы.
Жас бөрілер ішіне кәрі арланды,
Қоса салған кімдердің қастандығы.
Шал құтырған жыл болды биылғы жыл,
Алаштың аманында аспан, күні.
Жастардың тасы өрлемей жастар жылы,
Кемпір-шалдар бастап жүр бастаңғыны.
Нұрғалидай көкеміз жас қыз алып,
Сексен екі жасында тасқан нұры.
Сенаттағы қартайған аталар мен
Апалардың жоқ боп тұр сасқан бірі.
Кәртейген кәрібозды жорғалатқан,
Шіркін біздің қазақтың бостандығы!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *