Басты бет Жаңалықтар Аспанек Шұғатай 31 жаста
Аспанек Шұғатай 31 жаста

Аспанек Шұғатай 31 жаста

 137 0

Бүгін Халықаралық, республикалық ақындар айтысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған, Аспанбек Шұғатайдың туған күні.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға ақынның айшықты шумағын ұсынамыз:

Аспанбек Шұғатай:

Иықтан түсер бас бір күн,

Мәңгілік емес мас күлкің.

Жайылып жатқан жұртым-ау,

Жаманың қайсы, жақсың кім?

Ел үшін кімдер татпаған,

Өмірдің дәмін ашқылтым.

Құнанбайұлы туыпты,

Ұлып жатқанда қасқыр түн.

«Боқтың қабы» дегенді,

Түсіне алмайды тас құлқын.

Тоқаев таққа келгелі,

Бастап жатыр дәстүр тың.

175 жылдығын,

Әлем тойлауда пах, шіркін!

Бөлініп жатқан бюджеттер,

Желініп кетпей астыртын.

Аттан Алаш ендеше,

Шаттан Алаш, шап, сілкін!

Оянып келе жатқандай,

Рухани аш жұртым.

Мен қазақтың баласы,

Абай менің паспортым!

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *