Басты бет Жаңалықтар Тараз қаласында республикалық айтыс өтеді
Тараз қаласында республикалық айтыс өтеді

Тараз қаласында республикалық айтыс өтеді

 168 0

Құрметті айтыс сүйер ағайын!

Ақпан айының 28-29 күндері Тараз қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай өтетін «Жамбыл — менің жай атым, Халық — менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысына шақырамыз.

Аламан айтысқа Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Талғат Мықи, Нұрмат Мансұр, Олжас Отар, Шұғайып Сезімхан, Қазірет Бердіхан, Аяулым Жұмабекқызы, Қанат Мырзахан, Гүлжан Ықылас, Дархан Әбдіманат, Рай Дөңбай, Мейірбек Сұлтанхан, Есет Досалы, Марат Ахметов, Айтбек Тұрсынбай, Нұрлан Есенқұлов, Ғабит Есдәулетов, Шапағат Әбдір, Шапағат Сәбитқызы сынды елімізге танымал 20 ақын қатысып, бақ сынасатын болады.

     Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері ,ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.

Өтетін орны және уақыты:

Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залы

28 ақпан күні сағат 14:00

29 ақпан күні сағат 10:00 де өтеді.

Кіру тегін

aitysker.org

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *