Басты бет Жаңалықтар Айтыстың төртінші жұбы болып Серік Құсанбаев пен Сұлужан Таубалды шықты
Айтыстың төртінші жұбы болып Серік Құсанбаев пен Сұлужан Таубалды шықты

Айтыстың төртінші жұбы болып Серік Құсанбаев пен Сұлужан Таубалды шықты

 145 0

Қызылорда қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы басталды.

Аламан айтысқа Мұхтар Ниязов, Кенжебай Жүсіпов, Серік Құсанбаев, Әсем Ережеқызы, Айбек Қалиев, Жансая Мусинв, Аруна Керімбек, Сұлужан Таубалды, Аян Ниязбек, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатай, Бексұлтан Орынбасар сынды елімізге танымал 10 ақын қатысып, бақ сынасып жатыр.

     Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері ,ақын Жүрсін Ерман жүргізуде.

     Айтыстың үшінші жұбы болып Мейірбек Сұлтанхан мен Аруна Керімбек шығып, қазылар алқасының шешімімен Мейірбек Сұлтанхан (50 ұпай) — Аруна Керімбек (50 ұпай) еншіледі. 

     Суырылған жеребе бойынша айтыстың төртінші жұбы болып Серік Құсанбаев пен Сұлужан Таубалды шықты. 

(АЙТЫСУДА)

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *