Басты бет Жаңалықтар Айтыстың бесінші жұбы болып Жансая Мусина мен Бексұлтан Орынбасар шықты
Айтыстың бесінші жұбы болып Жансая Мусина мен Бексұлтан Орынбасар шықты

Айтыстың бесінші жұбы болып Жансая Мусина мен Бексұлтан Орынбасар шықты

 155 0

Қызылорда қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы басталды.

Аламан айтысқа Мұхтар Ниязов, Кенжебай Жүсіпов, Серік Құсанбаев, Әсем Ережеқызы, Айбек Қалиев, Жансая Мусинв, Аруна Керімбек, Сұлужан Таубалды, Аян Ниязбек, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатай, Бексұлтан Орынбасар сынды елімізге танымал 10 ақын қатысып, бақ сынасып жатыр.

     Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері ,ақын Жүрсін Ерман жүргізуде.

     Айтыстың төртінші жұбы болып Серік Құсанбаев пен Сұлужан Таубалды шығып, қазылар алқасының шешімімен Серік Құсанбаев (49 ұпай) — Сұлужан Таубалды (46 ұпай) еншіледі. 

     Суырылған жеребе бойынша айтыстың бесінші жұбы болып Жансая Мусина мен Бексұлтан Орынбасар шықты. 

(АЙТЫСУДА)

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *