Басты бет Жаңалықтар Айтыстың соңғы жұбы болып Аспанбек Шұғатаев пен Әсем Ережеқызы шықты
Айтыстың соңғы жұбы болып Аспанбек Шұғатаев пен Әсем Ережеқызы шықты

Айтыстың соңғы жұбы болып Аспанбек Шұғатаев пен Әсем Ережеқызы шықты

 204 0

Қызылорда қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы басталды.

Аламан айтысқа Мұхтар Ниязов, Кенжебай Жүсіпов, Серік Құсанбаев, Әсем Ережеқызы, Айбек Қалиев, Жансая Мусинв, Аруна Керімбек, Сұлужан Таубалды, Аян Ниязбек, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатай, Бексұлтан Орынбасар сынды елімізге танымал 10 ақын қатысып, бақ сынасып жатыр.

     Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері ,ақын Жүрсін Ерман жүргізуде.

     Айтыстың бесінші жұбы болып Жансая Мусина мен Бексұлтан Орынбасар шығып, қазылар алқасының шешімімен Жансая Мусина (50 ұпай) — Бексұлтан Орынбасар (50 ұпай) еншіледі. 

     Суырылған жеребе бойынша айтыстың алтыншы жұбы болып Аспанбек Шұғатаев пен Әсем Ережеқызы шықты.  Аспанбек Шұғатаев (49 ұпай), Әсем Ережеқызы (50 ұпай) алды. 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *