Басты бет Негізгі бет «Абай жолымен»: Айтыс аяқталды. Жүлдегерлер анықталды
«Абай жолымен»: Айтыс аяқталды. Жүлдегерлер анықталды

«Абай жолымен»: Айтыс аяқталды. Жүлдегерлер анықталды

 297 0

Бүгін Қызылорда қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында  Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа республика бойынша 12 ақын қатысып, жеребе арқылы жұпталып, төмендегіше нәтиже көрсетті: 

1-жұп: Кенжебай Жүсіпов (Қызылорда) 50 ұпай — Аян Ниязбек (Түркістан) 45 ұпай;
2-жұп: Айбек Қалиев (Арқалық) 50 ұпай — Мұхтар Ниязов (Қызылорда) 50 ұпай;
3-жұп: Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда) 50 ұпай — Аруна Керімбек (Ақтөбе) 50 ұпай;
4-жұп: Серік Құсанбаев (ШҚО) 49 ұпай —  Сұлужан Таубалды (Алматы) 46 ұпай;
5-жұп: Бексұлтан Орынбасаров (Қызылорда) 50 ұпай — Жансая Мусина (Орал) 50 ұпай;
6-жұп: Аспанбек Шұғатаев (Кереку) 49 ұпай — Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) 50 ұпай.
 
Екінші айналымда төмендегідей ақындар өнер көрсетті:
1-жұп: М. Сұлтанхан (Қызылорда) — Б. Орынбасаров (Қызылорда);
2-жұп: М. Ниязов (Қызылорда) — Ж. Мусина (Орал);
3-жұп: А. Қалиев (Арқалық) — Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан).

(Екінші айналымда ұпай берілмеді) 

Құрамында Халық ақыны Ә. Беркенова, жыршы А. Алматов, ақын Ғ. Жайлыбай,  ақын Ж. Әшімжан, айтыскер Б. Халиолла қазылық еткен қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде қызылордалық М. Ниязовқа бұйырды. 

Қорытынды. Рейтингтік көрсеткіштер:

  1. М. Ниязов (Қызылорда) — Бас жүлде (Р.ұ. 100);
  2. Ж. Мусина (Орал) — І -орын (р.ұ. — 75);
  3. Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) — ІІ-орын (р.ұ. — 50);
  4. А. Қалиев (Арқалық) — ІІІ — орын (р.ұ. — 25);
  5. М. Сұлтанхан (Қызылорда) — ІІІ-орын (р.ұ. — 25);
  6. Б. Орынбасаров (Қызылорда) — (р.ұ.-10);
  7. К. Жүсіпов (Қызылорда) — «Әдемі-ай» компаниясының арнайы сыйлығы (р.ұ. — 5);
  8. С. Құсанбаев (ШҚО) — «Әдемі-ай» компаниясының арнайы сыйлығы (р.ұ. — 5);
  9. А. Керімбек (Ақтөбе) — р.ұ.-5;
  10. А. Шұғатаев (Кереку) — р.ұ.-5;
  11. С. Таубалды (Алматы) — р.ұ. — 5;
  12. А. Ниязбек (Түркістан) — р.ұ.-5

aitysker.org

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *