Басты бет Жаңалықтар Қарағандыда «Өлең — сөздің патшасы» атты республикалық студенттер айтысы өтті
Қарағандыда «Өлең — сөздің патшасы» атты республикалық студенттер айтысы өтті

Қарағандыда «Өлең — сөздің патшасы» атты республикалық студенттер айтысы өтті

 255 0

Ақпан айының 28-і күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай студенттер арасында «Өлең – сөздің патшасы» атты республикалық айтыс өтті.

      Жас суырыпсалма студенттер айтысы жастар арасында халық өнері мен Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

      Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Аманжол Әлтаев бастап, Қуаныш Мақсұтов, Қойлыбай Асанов, Дидар Қами, Мирас Асан сынды елімізге танымал ақындардан құралған қазылар алқасы жас ақындардың өнеріне баға берді.

      Республикалық айтысқа еліміздің бірнеше аймағынан келген ЖОО студенттері қатысып бақ сынасты. Атап айтар болсақ, Қарағанды мемлеткеттік техникалық университеті мен Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, Алматы «Қайнар» Академиясының, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Еуразия ұлттық университетінің, Қызылорда мемлекеттік университетінің және Семей қаласының мемлекеттік университетінің жалпы саны 18 жас студент ақындары өзара сайысқа түсті.

      «Ділдә» мейрамханасы демеушілік етіп, Қарағанды мемлеткеттік техникалық университетінің «қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен айтыстың қорытындысы төмендегіше орналасты:

Бас жүлде — Доскей Ботпай (ҚарМТУ);

І орын — Ақбота Манарбек (ҚазҰӨУ);

ІІ орын — Бекарыс Оспанов (ҚарМТУ);

ІІІ орын — Жақсылық Апуажанов (Қайнар Академиясы);

Арнайы жүлде — Жұлдызай Маратбек

Өзге де қатысушы ақындар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

aitysker.org

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *