Басты бет Жаңалықтар Үшінші «Бұқар жырау» атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылды
Үшінші «Бұқар жырау» атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылды

Үшінші «Бұқар жырау» атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылды

 123 0

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылында үшінші «Бұқар жырау Қалқаманұлы» атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылды.

      Үшінші деуіміздің себебі 2014 жылы аудан орталығында ауыл балаларының рухани тәрбиесіне қолдау көрсету мақсатында алғашқы «Бұқар жырау Қалқаманұлы» атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылған болатын. Ол сыныпта айтыскер ақын, «Айтыс ақтаңгері» Дидар Қамиев сабақ беріп келеді.

      2019 жылы Керней ауылында да осындай жыршы-жыраулар сыныбы ашылып, белгілі айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов сабақ беріп, республикамызға танымал шәкірттер тәрбиелеп келеді.

      Үштөбеден ашылған үшінші сыныптың тізгінін айтыскер ақын, жырау Тілеген Әділов ұстайтын болады.

      Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов пен «Қаратау» жыршылық мектебінің көрнекті өкілі, жыршы, термеші Елікбай Иса арнайы келіп, сыныптың тұсауын кесіп, жас шәкірттерге батасын беріп кетті.

      Ұлттық өнерді бойына сіңіріп, салт-дәстүрін сыйлайтын, баба мұрасын құрметтейтін рухани кемел ұрпақ тәрбиеленіп шығатын сынып боларына сенім білдіріп, сынып жұмысына сәттілік, толағай табыстар тілейміз!

Фоторепортаж:

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *