Басты бет Жаңалықтар Айтбай Жұмағұлов Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жаңа басшысы болып тағайындалды
Айтбай Жұмағұлов Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жаңа басшысы болып тағайындалды

Айтбай Жұмағұлов Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жаңа басшысы болып тағайындалды

 528 0

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жаңа басшысы болып белгілі ақын, қоғам қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» Айтбай Жұмағұлов тағайындалды.

      Аймақ басшысы Ж.М.Қасымбектің тапсырмасына сай, Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру ісі тың қарқынмен жүзеге аспақ.

      Осы мақсатта «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өз жұмысын бұдан былай «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің құрамында жалғастырады.

      Жаңа басшылықтың алдында жобалық кеңсенің жұмысын жаңаша құру, «Рухани жаңғыру» идеологиясын жете түсіндіру, қоғамдық сананы жаңғырту ісіне тың серпін беру міндеттері жүктеліп отыр.

      «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ атынан Айтбай Ботбайұлын шын жүректен құттықтап, ел игілігіне бағытталған еңбегіне табыс тілейміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *