Басты бет Негізгі бет АЙТЫС КІТАПТАРЫН ОНЛАЙН ОҚЫҢЫЗДАР
АЙТЫС КІТАПТАРЫН ОНЛАЙН ОҚЫҢЫЗДАР

АЙТЫС КІТАПТАРЫН ОНЛАЙН ОҚЫҢЫЗДАР

 662 0

Қадірлі айтыссүйер ағайын! Елдегі төтенше жағдайға байланысты қазір барлық салада онлайн жұмыстар белсенді жүруде. Қазақтың арда өнері — айтыс жанкүйерлеріне арнап біз де онлайн кітап оқуға жағдай жасауға тырыстық. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханада жасақталған мыңдаған кітаптардың ішінен айтыстың озық үлгілері жарияланған бірнеше кітапты іріктеп, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Төменде берілген 1942 — 2014 жылдар арасында жарық көрген кітаптардан ақындар айтысының мәтіндерін толық онлайн оқи аласыздар. Бұл — халық қазынасы қатталған томдықтарды бір шолып, айтыс өнерінің өткені мен бүгінін зерделеуге, салыстыруға зор мүмкіндік болады деп сенеміз. Үйде уақытты тиімді пайдаланып, отбасыңызбен бірге кітап оқыңыздар. Көрсетілген кітаптардың атауы жазылған жазуды басқан кезде сілтеме арқылы онлайн оқу режиміне өтесіз. Оқыңыздар, ой түйіңіздер.

 

 

Айтыс. І том. —  Алматы: Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы, 1942. — 246 бет.
Редакциясын басқарғандар: С. Мұқанов, Е. Ысмайылов.
Бұл кітапта С. Мұқановтың «Айтыс және ақын» атты алғысөзі мен бірнеше әдет айтыстары, сонымен қатар «Қыз бен жігіт айтыстары» енгізілген.

 

 

2. Айтыс. І том. — Алматы: Қазмемкөркемәдебиет, 1964. — 430 бет.
Құрастырғандар: Ш. Ахметов, Б. Ысқақов
Бұл кітапқа С. Мұқановтың «Айтыстар туралы» атты мақаласы енген.   «Салт-әдет айтыстары», «Ақындар айтысы» атты екі бөлімнен тұрады. 

 

 

3. Айтыс. Бірінші том.  — Алматы: Жазушы, 1965. — 556 бет.
Құрастырушылар: Ш. Ахметов, Б. Ысқақов
Бұл кітапқа С. Мұқановтың «Айтыстар туралы»  мақаласы енген.
Кітап «Салт-әдет айтыстары», «Ақындар айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы»
атты үш бөлімнен тұрады. 

 

4. Айтыс. Екінші том. — Алматы: Жазушы, 1965. — 664 бет.
Құрастырушылар: Ш. Ахметов, Б. Ысқақов, М. Байділдаев
Бұл кітапқа М. Әуезовтың «Айтыс өлеңдері» атты мақаласы енген.
Кітап «Ақындар айтысы», «Ақындардың жұмбақ айтысы», «Ақындардың мысал айтысы» атты үш бөлімнен тұрады. 

 

5. Айтыс. Үшінші том. — Алматы: Жазушы, 1966. — 619 бет.
Құрастырушылар: Ш. Ахметов, Б. Ысқақов, К. Сейдеханов
Бұл кітапқа М. Әуезовтың «Совет ақындарының айтысы» атты мақаласы енген.
Кітап төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 1920- 1940 жылдардағы айтыстар; Екінші бөлімде 1940-1945  жылдардағы айтыстар; Үшінші бөлімде 1946-1957 жылдардағы айтыстар; Төртінші бөлімде «Мысал айтыстар» топтастырылған.

Қазіргі айтыс. Бірінші кітап. — Астана: Күлтегін, 2004. — 312 бет.

Құрастырғандар: И. Нұрахметұлы, С. Дүйсенғазы
Бұл кітапта М. Жолдасбековтың алғысөзімен Тәуелсіздік жылдарындағы ақындар айтысы топтастырылған. 

 

Қазіргі айтыс. Екінші кітап. Астана: Күлтегін, 2004. — 312 бет.

Құрастырғандар: Н. айтұлы, С. Дүйсенғазы.
Екінші кітапқа Республикалық және Халықаралық айтыстар іріктеліп енгізілген.  Тәуелсіздік жылдарындағы ел тынысын еркін жырлаған бұл айтыстар сөз өнері қазынасын байыта түсері сөзсіз.

Қазіргі айтыс. Үшінші кітап. — Астана: Күлтегін, 2006. — 320 бет.

Құрастырған: Н. Айтұлы.
Үшінші кітапқа Тәуелсіздік жылдарындағы Республикалық жекпе-жек айтыстар іріктеліп енгізілген.

 

Қазақ өнерінің антологиясы. Т І.  — Астана: Күлтегін, 2014. -400 бет.

Құрастырғандар: М. Жолдасбеков, Р. Әлмұханова.
Томға кеңестік кезеңге дейінгі айтыстар енгізілген.

 

 

Қазақ өнерінің антологиясы. Т ІІ. Астана: Күлтегін, 2014. — 400 бет.

Құрастырғандар: М. Жолдасбеков, Р. Әлмұханова.
Томға кеңестік кезеңге дейінгі ең үздік айтыстар енгізілген.

 

 

Қазақ өнерінің антологиясы. Т ІІІ. Астана: Күлтегін, 2014. — 400 бет.

Құрастырғандар: М. Жолдасбеков, С. Негимов.
Томға Кеңестік кезеңге дейінгі айтыстар топтастырылған. 

 

 

Қазақ өнерінің антологиясы. Т ІV. Астана: Күлтегін, 2014. — 400 бет.

Құрастырушылар: М. Жолдасбеков, С. Негимов.
Томға 1957-1991 жылдар арасындағы үздік айтыстар топтастырылған.

 

 

Қазақ өнерінің антологиясы. Т V. — Астана: Күлтегін, 2014. — 400 бет.

Құрастырғандар: М. Жолдасбеков, Ш. Қойлыбаев.
Томға Тәуелсіздік кезеңіндегі Республикалық айтыстар енгізілген.

 

 

Қазақ өнерінің антологиясы. Т VІ. — Астана: Күлтегін, 2014. — 400 бет.

Құрастырғандар: М. Жолдасбеков, Ш. Қойлыбаев.
Томға Тәуелсіздік кезеңіндегі Республикалық айтыстар енгізілген.

 

 

Қазақ өнерінің антологиясы. Т VII. — Астана: Күлтегін, 2014. — 400 бет.

Құрастырғандар: М. Жолдасбеков, А. Мәулет.
Томға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан қазақтарының айтыстары енгізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *