Басты бет Айтыскер ақындар ҚАЛИЕВ Айбек Киікбайұлы
8  1 247

ҚАЛИЕВ Айбек Киікбайұлы

 1 247 8

Айбек                                 ҚАЛИЕВ Айбек Киікбайұлы
                        Филология ғылымдарының кандидаты

         1978 жылы 19 ақпанда Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы) Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қаратүбек орта мектебін, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін үздік бітірген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарған (1998-2001). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған (.2001-2009). 2009 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы. 

           2006 жылы «Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты монографиясы «Нұр-Астана» баспасынан жарық көрді (2008). Республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында, ғылыми басылымдарда отызға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген. Бірнеше дүркін Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.

 

Пікірлер(8)

  1. Тапқыр ақын, Ринат Зайытов айтқан ақиқаттың бомбасы!!! Айтыста бетәлпеті ешқандай реакциясыз отырғанымен найзағай жарқылындай жырымен айды аспанға шығарғанда мықтылығын мойындамаған көрермен қалмайды!!!

  2. Айбек аға керемет ақынсыз. Айтыс алаңында сіз сияқты ұлтын сүйген, адал ақындар көп болса екен.Жүрген жеріңіз берекелі болып,мәртебеңіздің бұдан да биіктеуіне тілектеспін

  3. Әділ бағасын ала алмай жүрген ақиық ақын, халықтың бағасымен биіктен көріне білген, Алты Алашты мойындатқан азулы ақын. Әттеген-ай! Сол шындықтын зарын жырлаған сіздің мұңыңызды қазылар жағы бағалауға келгенде сараңдық танытатынына қарным ашиды…

  4. КАЗАКТЫН НАГЫЗ БИР ТУАР БИРЖАННЫ ! РЕССЕЙ МЕН ШАЙКАСАДЫ МЕМЛЕКЕТПЕН АЛЫСАДЫ БАРИБИР ТИЗЕРЛЕМЕЙДИ :АКАН СЕРИ: АЙБЕК БРАТ ЕЛИ УШИН ЖАН ПИДА ЕКЕНИН ХАЛКЫН БИЛЕДИ!АБАЙ БОЛ ШЫ?

  5. Айтыстағы ең бірінші халық жақсы қабылдайтын ақын. Өзі айтқандай» сызылып отырып сындыратын, үзіліп отырып тындыратын» айтыскер. Рахмет сізге!!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *