Басты бет Айтыстар Видео Халық ақындары жетпіске толды
Халық ақындары жетпіске толды

Халық ақындары жетпіске толды

 608 0

22 сәуір — қазақ айтысының дамуына өлшеусіз үлес қосқан қос бірдей Халық ақындарының туған күні.    Қасиетті Қаратау, киелі Отырар өңірінде  дүниеге келген Әселхан Қалыбекова мен тектілердің топырағы — Қостанай аймағының тумасы Әсия Беркенова бүгін мерейлі жетпіс жасқа толып отыр.  Өмірде де, өнерде де егіз жандардай жаратылған айтыс ардагерлерінің туған күндері де, туған жылдары да бірдей болуы — Құдай қисынын келтірген  сәйкестік секілді.  1950 жылдың 22 сәуірінде бірі түстікте, бірі теріскейде өмірге келген өнерпаздар сахнада танысып, содан бері айтыс өнеріне еңбек сіңіріп келе жатыр. 
   «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ атынан  құттықтай отырып, айтыс өнерпаздарының анасына айналған өнер саңлақтарына ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілейміз! Алдағы уақытта ақындар тарапынан кеңірек мақала жарияланады деп сенеміз. 

 Ең қызығы, қалың қазақ ақындарының ішінде «Халық ақыны» атағын алғандар санаулы ғана болса, Әселхан мен Әсия ақындар  осы марапатты да бір күнде, бір уақытта, бір сахнада иеленген екен. Осы жарқын сәттен бір үзік бейнематериалды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *