Басты бет Айтыскер ақындар ҚАЛИЕВ Серік Акрамұлы

ҚАЛИЕВ Серік Акрамұлы

 677 0

аҚАЛИЕВ Серік Акрамұлы

ҚР Мәдениет қайраткері
1972 жылы 24 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданында (қазіргі ШҚО Тарбағатай ауданы) дүниеге келген. Алматыдағы №2 қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернатының түлегi. жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология факультетін тәмамдаған (1990-1995).

 

 

ҚазҰУ-дің филология факультетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының стажер-ізденушісі (1995–1997), ҚазҰУ Студенттер клубының директоры қызметін атқарған (1997–2001). ҚазҰУ-дің аспирантурасын бітірген. ҰҚК Әскери институтының мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы (2003-2006), Қазақ қыздар педагогикалық институтынның филология фаультетінде ұстаз, Қазақ радиосында бөлім бастығы (2006–2007), «Атамұра» корпорациясының аға редакторы (2009-2013) болып қызметтер атқарған. Қазір Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Қыздар университеті» баспасының директоры. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық универсиетінің журналистика факультетінде «баспа ісі »мамандығы бойынша магистрант.
Халықаралық, Республикалық айтыстардың жүлдегері. Бес жылдан бері Астана күніне арналған Республикалық ақындар айтысының ұйымдастырушысы.
Топтама өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы», «Алматым жүрегімде», «Алтын бесік – туған жер» т.б. жыр жинақтарына енген. «Көзайым» атты тұңғыш жыр жинағы (2007), «Атамұра» баспасынан «Уақыт керуені» атты екінші өлең кітабы (2012) жарық көрді. Отызға тарта әннің өлеңін жазған. Өзі шығарған ән-термелерін М.Бесбаев, Е. Рысқали,Ғ.Мәтебаевтар орындап жүр. 2010 жылы «Нұр Отан» ХДП партиясы ұйымдастырған жалпыреспубликалық «Елім деп соққан жүрегім» байқауында «Алаш арыстары» атты әні «Ең үздік авторлық ән» номинациясы бойынша бірінші орын иеленді. 2012 жылы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған « Текті сөздің төресі – терме » атты республикалық байқауда ІІІ орын алған. 2010 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *