Басты бет Негізгі бет Бүгін ақын Жүрсін Ерман Пайғамбар жасына келді

Бүгін ақын Жүрсін Ерман Пайғамбар жасына келді

 627 2

Бүгін ақын Жүрсін Ерман Пайғамбар жасына келді

прҚазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Молдашұлы Ерманың бүгін туған күні.

Бүгін, Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тумасы, ақын, «айтыстың ақсақалы» атанған Жүрсін Ерманның туған күні. Ақын бүгін, Пайғамбар жасы 63 ке шығып отыр.

Қазақстан Республикасына  еңбек сіңірген қайраткер, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Молдашұлы Ерман Абай атындағы Қазақ педагогика институты мен С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. 1966-1968 жылдары – Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер. 1971-1980 жылдары – Жезқазған облысының теледидарында аға редактор, бас редактор. 1982-1992 жылдары – Қазақ республикалық теледидарында бас редактор. 1992-1994 жылдары – «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі. 1994 жылы «Қазақстан қанаты» – «Крылья Казахстана» газетінде бас редактор. 1995-1997 жылдары – «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі. 2006-2009 жылдары – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Қазақ радиосының және Қазақ теледидарының бас директоры. 2009 жылдан бастап «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы президентінің кеңесшісі, «Жарылғап батыр» қорының президенті. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрметті мүшесі (2003 ж.). Ұлытау ауданының Құрметті азаматы (2009 ж.). Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі болып, қызымет атқарған.

Ж.Ерман қазақтың төл өнері – ақындар айтысын қалпына келтіру, жаңартып-жаңғырту, оны теледидар мен радиода насихаттау арқылы халқына кеңінен танымал болды. 1984 жылдан ақындар айтысын өткізіп, оған меценаттар тарту арқылы жан-жақты колдау көрсетіп, халық өнерін кеңінен насихаттап, ұлттық рухты биікке көтеруге үлес қосты.

Біз алпыстың асқарына шыққан ақынды туған күнімен құттықтай отырып, ақынға ұзақ та, өнегелі ғұмыр, отбасына жақсылықтар, өзіне шығармашылық табыс тілейміз. Ақынның Пайғамбар жасына келгендігін құттықтай отырып төмендегі жыр жолдарын арнаймыз.

 

Ақындарды алқакөл кiл сұлама,

Арқалап адам қылдың Жүрсiн аға,

Туған күн құтты болып жаныңыздан,

Жаратқан жамандығын қылсын ада.

 

Қазақтың кең жайылып дастарханы,

Қайда барса сыйлайтын жас-қартаңы.

Бiлмеймiн қадiрiңе жете алдық па,

Айтыстың асу бермес Асқар тауы.

 

Жыр жазса сөйлем түгiл,әрiбi сақ,

Сен аман бол даңқына дарыны шақ.

Қалтырап талай адам қорқып кiрiп,

Жарқырап жайнап шыққан кәрi құшақ.

kazaitys.kz

 

Пікірлер(2)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *