Басты бет Негізгі бет Карима ОРАЛОВА- Мәдениет саласының үздігі
Карима ОРАЛОВА- Мәдениет саласының үздігі

Карима ОРАЛОВА- Мәдениет саласының үздігі

 187 0

          Бүгін  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі арнайы іс-сапармен Түркістан қаласында болып,  мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бірқаатар мәдениет үздіктерін марапаттады. Олардың қатарында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің қызметкері,  айтыскер ақын  Карима Оралова да бар.  Бойындағы қасиетті өнерін халық әлдеқашан жоғары бағалаған ақынға мемлекет ресми түрде «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тақты. 

        Төл өнердің дамуы жолында аянбай 30 жыл қызмет атқарған ардагер ақынның шәкірттері , яғни Еркебұлан Қайназар,  Қалижан Білдашев, Қажымұқан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов сынды біршама айтыскер ақындар аламан додада бақ сынап, түрлі халықаралық, республикалық айтыста биіктен көрініп жүр

Ақынымызды толағай жетістігімен құттықтаймыз.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *