Басты бет Айтыскер ақындар ҚАЛЫБЕКОВА Әселхан Әлішерқызы

ҚАЛЫБЕКОВА Әселхан Әлішерқызы

 1 319 0

ва                                   ҚАЛЫБЕКОВА Әселхан Әлішерқызы
                                        Қазақстанның халық ақыны
         1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген (1966).
        Еңбек жолын 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында бастаған. Аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған (1971-1991). 1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. 1981 – 1984 жылдары аралығында аудандық, облыстық және облысаралық ақындар айтыстарында жүлделі орынды уысында бекем ұстап тұрды.

       Айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Ақын апа айтыс әлемінде алып самұрыққа ұқсайтын, қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнататын, елінің ең сүйікті перзентіне айналған. Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық, республикалық, халықаралық көптеген дүбірлі айтыстарда намысты қолдан бермеген, от ауызды орақ тілді, арқалы ақын.
Жазушылар одағы Жамбыл атындағы сыйлығының тұңғыш иегері (1989). Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Қазақ КСР – ның Халық ақыны құрметті атағы берілді (1990 ж. 6 сәуір).
Айтыс өнерінің ақтаңгері Әселхан Әлішерқызы Қалыбекованың “Отырар аспаны” (1994), “Басыңды тікпей бақ қайда?! ” (1990-2000), “Алладан пәрмен сұраған” (2000), “Сырттан кеткен тамырлар” (2004), “Жыр-Шапағат” (2008), “ Әселхан Әлемі” (2008) атты кітаптары жарық көрді.
      Отырар аудандық мәдениет бөлімі жанынан ашылған ақындар мектебіне жетекшілік етті. Аталмыш мектептен көптеген айтыс саңлақтары шықты. Бүгінгі айтыс көкжиегіндегі шоқ жұлдыздар – Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова секілді айтыскерлер осы мектептің шәкірттері.
Отырар ауданының «Құрметті азаматы». “Парасат” орденімен марапатталған (2005).

ӘСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВА МЕН ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВТЫҢ АЙТЫСЫ. 1984 ж. (БЕЙНЕ)

ӘСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВА МЕН ХАСЕН САМЫЛТЫРОВТЫҢ АЙТЫСЫ (өтірік өлең). 1984 ж. (БЕЙНЕ)

ӘСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КОМАНДАЛЫҚ ҚАЙЫМ АЙТЫС. 1984 ж. (БЕЙНЕ)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *