Басты бет Жаңалықтар Дидар жеңімпаз атанды.
Дидар жеңімпаз атанды.

Дидар жеңімпаз атанды.

 293 0

Қарағанды өңірі бойынша
«Арқа Құрылыс» ЖШС директоры Серік Базарбеков, «Матан» ЖШС директоры Мұрат Жадаев, «Қоғалы-көл» шаруа қожалығының басшысы Жанболат Жуанышбаевтың демеушілігімен «Орталық» жазба айтыс ұйымдастырып, оған айтыскер ақындардан Тілеген Әділов, Төлеген Жаманов, Дидар Қамиев, Айнұр Жаппарқұлова, Ботагөз Мұхидден, Сырым Нығызбаев және жазба поэзияның өкілдерінен Руслан Нұрбай, Қайрат Асқаров, Саят Тұяқбаев, Салтанат Смағұлтегі, Қуаныш Аманқұл, Мақсат Күземхан сынды ақындар қатысты. Айтыскер ақындар домбырасын бір сәтке қаламға айырбастап, жазба ақындармен бірге айтыс аламанында ұшқырлық танытты. Ақындар WhatSapp желісі арқылы жазып айтысты.Ұйымдастырылған жобаны қолдағандардың бірі- Жүрсін Ерман. Әлеуметтік желі арқылы ізгі тілегін білдірген еді. Онлайн-дауыс беру нәтижелері мен қазылар алқасының пікірі бойынша Дидар Жанатұлы Қамиев жеңімпаз атанды.Жүлделі екінші орынға Төлеген Жаманов пен Қайрат Асқаровтың өнері лайықталды. Ал, үшінші орынды Тілеген Әділов, Саят Тұяқбай, Қуаныш Аманқұл иеленді. Жобаға қатысқан барлық ақын «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің Алғыс хатымен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *