Басты бет Негізгі бет Болатбектің кітабы жарыққа шықты.
Болатбектің кітабы жарыққа шықты.

Болатбектің кітабы жарыққа шықты.

 378 0

«ТОЙ мен ОЙ»

Бұл кітапта Болатбек Мейірбекұлы өзінің 15 жылдық той жүргізу тәжірибесі барысында пайдаланған сөздік қоры мен әлі де жарыққа шықпаған сценарийлерін топтастырған.
Алайда бұл кітап тек асабаларға, болмаса сол жолға талпынып жүрген жас өнерпаздарға ғана арналған дүние деп қарауға болмайды.
Мұнда жалпы тойшыл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүр-салттарының біршамасына тереңірек тоқталып, оның шығу тарихына да шолу жасалған. Кез-келген қарапайым қазақтың той жасау барысында ескеруі тиіс жәйіттары және қазіргі таңда тойларда жіберіп жүрген қате-кемшіліктерді сынға ала отырып, ой елегінен өткізген.
Сонымен қатар соларды түзеудің жолдары көрсетіліп, бұрынғы ата-дәстүр мен бабаларымыздан жеткен жоралғылардың түп негізі алға тартылған.
Тіпті асабалыққа қатысы жоқ адамдардың оқуының өзіне қолайлы, жеңіл тілде өрілген ой салар оқиғалар мен тағылымды әңгімелер, қанатты сөздер мен шұрайлы шумақтардың, танымал тұлғалардың тұшымды әңгімелерімен қатар, әрбір ортада қысылмай айтуға болатын қалжың-қағытпалардың жиынтығы десек те болады.
Бұл кітапты оқыған әрбір адам қазақ тойларының қыр-сырымен етене танысып, санаға серпіліс беретін аңыз-әпсаналармен танысу арқылы ойына олжа салады деп ойлаймыз.
Құрметті оқырман!
Айтыскер ақын, белгілі асаба Оразбаев Болатбек Мейірбекұлының *»ТОЙ мен ОЙ»* кітабына қызығушылық танытсаңыз, тапсырыс берсеңіз болады!

* *8(775)-168-71-35* what’s app номері арқылы жүзеге асады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *