Басты бет Негізгі бет Нұрмат Мансұров- мәдениет үйінің директоры.
Нұрмат Мансұров- мәдениет үйінің директоры.

Нұрмат Мансұров- мәдениет үйінің директоры.

 166 0

 

Мансұров Нұрмат Абдоллаұлы  Қызылорда қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК қарасты М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалды.

Нұрмат Абдоллаұлы 1985 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С. Сейфуллин ауылында туылған.
Жоғары білімді: Қызылорда қаласының Қазақ Заң Гуманитарлық университеті «Әділ сот және сот төрелігі» факультетінің түлегі.

2006 жылы облыстық Халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығында қызмет атқарды.

2007-2014 жылдары «Қызылорда» қоғамдық телерадиокомпаниясында редакторлық қызмет және «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінде жетекшілік қызмет атқарды.

2014 — 2020 жылдар аралығында, «Шалқар» ұлттық арнасының редакторы қызметін абыроймен атқарып, радиода «Сөз патшасы». «Айтыс ақтаңгері», «Мүфти мінбері» хабарларының, сондай-ақ «Айтыс» бағдарламасының жүргізушісі болды.

Бірнеше дүркін халықаралық, республикалық айтыстардың бас жүлдегері.

Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен 2019 жылы өткен журналистер арасындағы халықаралық конкурстың Гран-при иегері.

Биылғы жылы мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік тілдің мәртебесіне арналған журналистер арасындағы байқау жеңімпазы.

Сырдария ауданының Құрметті азаматы.

Қазақтың айтыс өнерін насихаттау мақсатында Түркия, Франция, Өзбекстан Республикаларында өнер көрсеткен дарабоз ақынымызға жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *