Басты бет Жаңалықтар Қызылжарда аламан айтыс өтті.
Қызылжарда аламан айтыс өтті.

Қызылжарда аламан айтыс өтті.

 159 0

 

Бірнеше айға созылған
телевизиялық облыстық «Қызылжар аламаны» ақындар айтысы мәресіне жетті.
Айтыстың негізгі мақсаты:
еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықтың рухы мен еңсесін көтеру.
Ақтық сында Есіл ауданының жүйріктері Жұмабек Рахимов пен Абзал Жұмабек сөз бәйгесіне түсіп, оған Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы төрелік етті.
Тікелей эфирде өткен айтыста дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтады.
Бас жүлде- Абзал Жұмабек,
1 орын — Жұмабек Рахимов,
2 орын- Нұрислам Әбділ,
3 орын- Мұхаммед Қонқаевқа бұйырды.
Жас ақындардың арыны мен қарымына разы болған Жүрсін Ерман жеңімпаз екі ақынға да алдағы уақытта өтетін республикалық ақындар айтысына жолдама берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *