Басты бет Жаңалықтар «Қызылжар аламаны» айтысы үздік жоба атанды
«Қызылжар аламаны» айтысы үздік жоба атанды

«Қызылжар аламаны» айтысы үздік жоба атанды

 180 0

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына-2020» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Қызылжар аламаны» телевизиялық ақындар айтысы «Үздік мәдениет үйі мен сарайының онлайн жобасы-2020» номинациясы бойынша ҮЗДІК ЖОБА деп танылып, 500000теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.
     Еске сала кетсек, «Қызылжар аламаны» телевизиялық ақындар айтысы карантин кезінде үш айдан астам уақыт бойы халықтың рухы мен еңсесін көтеру мақсатында көрерменге ұсынылып отырды. Айтысқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті ақындар қатысты. Онлайн форматта өткен айтысқа көрермендер смс арқылы дауыс беріп, жеңімпазды анықтады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *