КӨҢІЛ АЙТУ

КӨҢІЛ АЙТУ

 177 0

 

       Семейдегі «Наркескен» ақындар мектебінің жетекшісі, ақын Съезбек Сембайұлы Сүлейменов дүниеден өтті. С.Сүлейменов 1971 жылы дүниеге келген. Ұлттық өнер айтыстың дамуына сүбелі үлес қосып, жас ақындар даярлауда қажырлы еңбек етті. Ринат Заитов, Әсем Ережеқызы, Сара Тоқтамысова, Фархат Маратұлы, Қарлығаш Әубәкірова, Ержан Жұмабек, Саягүл Бірлесбек сынды бір топ ақынға ұстаз болып, аламанға қосты.

Жаназасы 9 қараша күні Семей қаласы, Юность көшесі 23-үй, 60-пәтердің ауласында сағ. 11.00-де өтеді.

Марқұмның отбасына, туыс-туғандарына, шәкірттеріне қайғыра көңіл айтамыз!

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы РҚБ ұжымы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *