Басты бет Жаңалықтар «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға…» атты студенттер айтысы

«Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға…» атты студенттер айтысы

 29 0

Абай атындағы ҚазҰПУда «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға…» қалалық онлайн студенттер айтысы өтті.

Хәкім Абайдың 175 жылдығына және Оразалы Досбосыновтың 45 жылдығына арналған аталған аламанға Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарынан 10 қатысты. Айтысты ашып берген уиверситет ректоры, айтыс жанашыры Тақир Оспанұлы Оразалының шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған барлық шараларға қолдау көрсететін және алдағы жылы Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Халықарлық студенттер айтысын өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Шараның басында сөз алған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман төл өнерімізге қолдау көрсетіп отырған университет ректоры бастаған ұжымға алғысын айтып, жас шайырларға батасын берді. Онлайн айтыстың басында жақында оқу ордамыздың баспасынан шыққан университет жастарының «Көктем ғұмыр» атты жыр жинағынын тұсауы кесілді. Айтыстың алғашқы жұбы болып айтысқан Қайнар академиясының студенті Расул Сауытбек пен Абай атындағы ҚазҰПУдың I курс студенті Алтынай Қанапия залға келіп қыз бен жігіт айтысының тамаша үлгісін көрсетті. Қалған төрт жұп онлайн сөз тартысына түсті.
Жас айтыскерлерге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Халықаралық Одағы» РҚБ Басқарма төрағасы, ақын Жүрсін Ерман, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, ақын Жанарбек Әшімжан, «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мүсірәлі, ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Серік Қалиев, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов қатарлы сөз ұсталары қазылық етті.


Сөз бәйгесінде дараланып алға шыққан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Нұрбол Жауынбаевқа Бас жүлде (100 000 теңге) бұйырды. Қыз жігіт айтысының тамаша үлгісін көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУдың студенті Алтынай Қанапия Бірінші орын иеленсе (80 000 теңге), Қайнар Академиясың студенті Расуыл Сауытбекке екінші орын(60 000 теңге), Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Жанарыс Тілеубекке және Абай атындағы ҚазҰПУдың студенті Данияр Нысанғалиевке үшінші орын жүлдесі берілді. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті талантты ақын Бекжан Базарбекке арнайы жүлде табысталды. Айтысқа қатысқан барлық ақын ректордың алғыс хатымен және ақшалай сыйақымен мараптталды.


Айтысқа ақпараттық қолдау көрсеткен «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпаровқа және «Ана тілі» газетінің Бас рекдакторы Жанарбек Әшімжанға алғысымызды айтамыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *