Басты бет Айтыскер ақындар ҚАМИЕВ Дидар Жанатұлы

ҚАМИЕВ Дидар Жанатұлы

 1 825 12

Дидар 001                ҚАМИЕВ   Дидар  Жанатұлы                             

       1988 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылында дүниеге келген.  2010 жылы Қарағанды қалаcындағы  «Болашақ» университетін тамамдаған. Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жеңімпаз атанады.  Ең алғаш айтыс сахынасына он жасында шыққан.

    Көкшетау қаласында өткен «Кемел ойлы хан Кене» атты республикалық жыршы-жыраулар сайысында – 1 орын (2002), Байғозы батырдың  300 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыршы-жыраулар сайысында – 1 орын (2005) иеленіп, Қырғызстанда өткен бүкіләлемдік жыршы-эпосшылар фестиваліне қатысып, арнайы медальмен марапатталған (2006). Маясар Жапақұлына арналған республикалық айтыста — 1 орын (2008), Павлодар қаласында өткен М.Ж. Көпейұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста — Бас жүлде (2008), Алматы облысы, Панфилов ауданының 80жылдығына арналған республикалық айтыста – 1 орын (2008), Алматы қаласында өткен «Алашыңды ардақта» атты республикалық айтыста – 1 орын (2008), Қызылорда қаласында өткен НұрОтан партиясының 10 жылдығына арналған республикалық айтыста — Бас жүлде (2009),   Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысында — Бас жүлде (2009),   Қызылорда облысы, Шиелі ауданының 80жылдығына арналған «Маржаны Сырдың Шиелі» атты республикалық айтыста  — Бас жүлде (2009), Астана қаласының 12 жылдығына орай өткен республикалық жас ақындар айтысында — 1 орын (2010),  Шымкент қаласында өткен республикалық ақындар айтысында – Бас жүлде (2011), Алматы облысы, Ұзынағаш ауданында өткен, Ж. Жабаевтың 165 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық айтыста – 1 орын (2011), Қостанай облысы, Амангелді ауданында өткен республикалық айтыста – 1 орын (2011)  иеленген.

Пікірлер(12)

  1. Әрине мықты ақын. Ринатты, Балғынбекті жеңді, Айбекпен тартысты айтыс жасады, өзі айтпақшы күміс көмей ақынымыз. Субханалла алтын д0мбыраға лайық еді

  2. Мен,Дидар Қамиев ағама ризамын !!! «…өнерін мойындаймын». Алла Тағала жар болсын !!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *