Басты бет Айтыскер ақындар ҚАСЫМБЕКОВА Алтынгүл

ҚАСЫМБЕКОВА Алтынгүл

 574 0

Алтынкүл

            Қасымбекова Алтынкүл 

     

      1973 жылы Оңтустік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туылған. 1976 жылы әке – шешесі қоныс аударып, Жамбыл облысы Байзақ(бұрынғы Свердлов)  ауданына қарасты «Көкөзек» ауылына тұрақты жайғасқан. Осындағы орта мектепті бітірген (1990). Тараздың Мемлекеттік  университетінде оқып, жоғары педагогтік мамандық алған.

    1988 жылдан бастап аудан, облыс көлемінде өткізілген айтыстардың бәріне үзбей қатысқан. Алғаш рет Ақтөбеде Республикалық айтыста жүлделі орынға ие болды (1989). Алматыда Қазақстанның 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылған халықаралық айтыста ІІ— ші орын (1990), Семейдегі айтыста жүлделі орын (1991), Ұзынағашта өткен Сүйінбай Аронұлының 175 жылдығына арналған республикалық айтыста Алтынкүл бас бәйге (1992), Талдықорған, Қызылжар қалаларының достық – наурыз мерекелерінде, ақын Сараның 115 жылдығына «Сәкенге – 100 жас» атты өнер сайыстарында  бас бәйге (1993-1994) иеленген.  Көкшетауда Ақан серіге арналған айтыста «Ақтоты» атағын алып, жыр атасы Жамбылдың 150 жылдығында жүлдегер болды.1997, 2000 жылдары Жезқазған мен Шу қалаларында өткізілген айтыстардың бас жүлдесін жеңіп алған. Қарасай батырдың айтысында І орын,  Б.Момышұлының 90-жылдық мерейтойына арналған айтыста бас бәйгені жеңіп алған.

Мәдімар болысқа арналған республикалық айтыстың бас жүлде (2002), Талдықорған қаласында  Сара Тастанбекқызының 125 жылдығына өткізілген халықаралық айтыстың бас жүлде (2004), Өзбекстан –Қазақстан достығы айтысының 1-ші орын (2008) иегері.

Бүгінде ақын қыз аудандық мәдениет үйінің жанынан «Алтынкүлдің ақындық мектебі» деп аталатын үйірме ашып талапты жастарға ұстаздық етуде.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *