Басты бет Айтыскер ақындар ҚОЙЛЫБАЕВ Шырынбек Сәрсенбекұлы

ҚОЙЛЫБАЕВ Шырынбек Сәрсенбекұлы

 872 0

Койлыбаев Шырынбек, Фото                ҚОЙЛЫБАЕВ Шырынбек                                                            Сәрсенбекұлы

    1978 жылы 11 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекетік университетін филолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. 2009 жылы «Қазіргі айтыстың идеялық-көркемдік ерекшеліктері» деген тақырыпта профессор Мырзатай Жолдасбековтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған. Филология ғылымдарының кандидаты. «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» көп томдық жобасының негізгі шығарушыларының бірі. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалымен марапатталған. 

      Айтыс өнеріне өзіндік әуенімен келген ақын. Жамбыл облыстық ақындар айтысының (1999), Тараз қаласының 2000 жылдығына орай өткізілген Халықаралық ақындар айтысының бас жүлдесін (2002) жеңіп алған.  Қазіргі таңда Қазақ ұлттық өнер университеті Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институты Директорының орынбасары болып қызмет атқарады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *