Басты бет Айтыскер ақындар ҚҰСАНБАЕВ Серік Сәдуақасұлы

ҚҰСАНБАЕВ Серік Сәдуақасұлы

 735 2

Изображение 002

          ҚҰСАНБАЕВ Серік Сәдуақасұлы

   

       1963 жылы 24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Ш. Құдайбердиев атындағы Семей педагогикалық институтының түлегі. Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің  қызметкері.

      1989-1990 жылдардағы Наурыз айтысының, Республикааралық айтыстың (Ташкент, 1989), ІІІ Республикалық айтыстың  (1990) және әнші Мұхиттың  150 жылдығына, Ы. Алтынсариннің  150 жылдығына, С. Сейфуллиннің 100 жылдығына, Абайдың 150 жылдығына, Ғ. Мүсіреповтың 100 жылдығына, Ж. Жабаевтың 160 жылдығына, Қарасай батырдың 400 жылдығына, Қорқыттың 1000 жылдығына арналған  республикалық айтыстардың жеңімпазы және көптеген жыр сайыстарының жүлдегері. Айтыс өнерімен бірге жазба поэзияға да ден қойған ақынның «Байғыз» атты тұңғыш жыр жинағы 2000 жылы жарық көрді.

            Айтыс өнері саласындағы еңбегі мен шығармашылық жетістіктері үшін 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің, 2000 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың, 2007 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Грамоталарымен марапатталған.   ҚР «Мәдениет қайраткері».

Пікірлер(2)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *