ҚҰРАЛОВ Мұхтар
1947 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы педагогикалық институттың филология факультетінің «қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген (1969-1973). Еңбек жолын орта мектепте өз мамандығы бойынша бастаған (1973-1980). 1980 жылдан бүгінге дейін Мәдениет саласында аға инспектор, Мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарып келеді. «Айтамын десең өзің біл» ән жинағы мен «Айдай әсем Мақтаралым» (2003), «Ақ алтынды ауылым», «Алпысқа келді бір ақын» атты жыр жинақтарының авторы.
1978-1994 жылдар аралығында аудандық, облыстық, Республикалық айтыстарға қатысып, бірнеше рет жүлдегер, лауреат атанды. 1990 жылы Ақтөбеде өткен Республикалық айтыста бас жүлде иеленді.
Халыққа көп тараған Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Бойжеткен», М. Шахановтың сөзіне жазылған «Мені неге Мұхтар қойған?», «Жароков көшесіндегі кездесу», М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бесік жыры», И. Сапарбаевтың сөзіне жазылған «Лалагүл» әнрімен қатар сөзін де, әнін де өзі жазған «Бұлқынды жүрек», «Ақ тілек», «Шырайлым», «Арал толғауы», «Алтынай», «Туған жер», «Желтоқсан құрбаны», «Айдай әсем Мақтаралым», «Қалқам ай», «Балапаным ең», «Балапаным балғыным», «Аңсағаным» әндері көпшілікке танымал.
Мәдениет ардагері. Мақтаарал ауданының «Құрметті азаматы».
Assalaumak aleykum Muxtar aga sizben kalay baylanislka wiguga boladi?
Assalaumak aleykum Muxtar aga
Mina sozim sananizda kuptalama?
Onerim bar ozinizdey mina Menin
Jirimdi aytip jurmin Men kut dalaga
Katayganwa balapannin kanati
Bolganwa senim oz ozine sanati
Maktaraldin turgini ekensizgoy
Al Men bolsam Saragawtin azamati
Jas balanin belin buip demep jer
Bolwi Magan aga buin kemenger
Uzak omir suredi dep estigenmin
Tal zatinda bolsa eger emen der
Kaltasizdik kanatti baylap turgoy
Uwkir kyal wabit kokke aydap turgoy
Atten tonnin keltesi bolganmenen
Kozde uwkin umitim jaynap turgoy
Wukir alla ak tanday sayrap turgoy
Juregim tisti sanasizga kayrap turgoy
Ak bata ber agajan jolin kusam
Tanisim jok degenmen ulin kayratti ulgoy
Muxtar aga Sizge kalay baylaniska wiga alamin
Saragaw audani Owakti auili Ergazi Asan Uli otnem osi olenderim okigan bolsaniz nomerinizdi kaldirip ketuinizdi suraymin ?