Басты бет Айтыскер ақындар ҚҰТЖАНОВА Жадыра

ҚҰТЖАНОВА Жадыра

 849 1

Жадра Құтжанова дұрыс

 ҚҰТЖАНОВА  Жадыра

   1965 жылы Қостанай (бұрынғы Торғай) облысы, Амангелді ауданы,Родник совхозында дүниеге келген.  М.Әуезов атындағы орта мектепте білім алған (1972-1982). Арқалық музыка училищесінің музыка пәнінің мұғалімдік бөлімін бітірген. Арқалық педагогикалық институтының филология факультетінің түлегі.  Алғаш рет  1985 жылдың жаз айында  Арқалық қаласында өткен облыстық айтысқа қатыстып, І орынды жеңіп алып алып, үлкен сахнаға жолдама алды. 1986- 1987  жылдары  Алматыда, Қарағандыда өткен облысаралық айтыстарда өнер көрсетті.     Қызылорда обылысында өткен жастардың республикалық айтысында бас бәйге иеленген (1987). 1988 жылы радио айтысқа да қатысты. Алматыда өткен Халықаралық айтыста бас жүлде алып, ақ боз ат мінген (1989).

Ж.Жабаев, Иса Байзақовтардан кейін 70 жыл өткен соң ат мінген ақын ретінде елдің есінде қалды. 1990 жылы  Түркияда  қазақ өнерін паш еткен өнерпаздардың бірі болды. Тұңғыш ғарышкер  Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 1 жыл толған мерекесіне ұйымдастырылған айтыста 1 орын (1991),  Жезқазған облысында өткен Республикалық айтыста да ақ боз ат  иеленді (1991), Шабыт фестивалінің «суырып салма ақын»  номинациясы бойынша  лауреаты (1998).

Қазір Астана қаласындағы Күләш Бәйсейітова атындағы опера және балет театрында жұмыс істейді. «Жаралы жүрек», «Өсиет», «Анаға алғыс», «Сезім шыны»,  «Сен мен үшін», «Жан сырым», «Сен қарасаң», «Ұлыма», «Арайға» атты  өлеңдердіің авторы.

Ата - анасыЖадыра, Ботакоз. jpgАқбоз ат.

Пікірлер(1)

  1. Жадыра,жалт еткен жарық жұлдыздай көрерменді бірден баурап алатын өзіңді айтыс әлемінде көре алмағанымызға біраз болды.Іздейміз әрқашан да.Арада өткен жылдарда біраз әндерің шыққанын оқып,қуанып отырмын.Шығармашылығыңның шарықтап,өміріңнің сәнді әрі мәнді болуына үнемі тілектеспін.
    Қабылахат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *