ҚЫЛЫШБЕК Асхат
1985 жылы 20 мамырда Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі (2002-2007). Сол оқу ордасында магистр дәрежесінде білім алған (2007-2009).
Республикалық «Сақшы», «Ақжол Қазақстан» газеттерінде, сатиралық «Ара» журналында, Қазақ радиосында журналист болып қызметтер атқарған. Қазір ақпараттық – танымдық, отбасылық «Той- Қазына» журналының бас редакторы. «Алматы – жастар қаласы» фестивалінің айтыс номинациясы бойынша Бас жүлде (2005), А. Құнанбайұлының 160 жылдық мерейтойына арналған халықаралық айтыстың ІІІ-орын (2005), «Б. Момышұлы мұрасы және патриоттық тәрбие» атты Республикалық жастар айтысының І-орын (2006), Қарқара көтерілісінің 90 жылдығына арналған айтыстың Бас жүлде, Т. Рысқұлов ауданының құрылғанына 70 жыл толуына орай өткен айтыста І- орын (2008), «Алты Алашқа танылған ақын еді» атты Әзімбек Жанқұлиевты еске алуға арналған айтыста Бас жүлде (2010), Ақ сауытты Ақша батыр ерлігін насихаттауға арналған республикалық айтыста Бас жүлде (2011) иеленген.