Басты бет Айтыскер ақындар ЛУШНИКОВА Надежда
0  1 137

ЛУШНИКОВА Надежда

 1 137 0

фото Лушникова   ЛУШНИКОВА  Надежда Андрейқызы

 ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

 1940 жылы  22 қарашада Алматы облысы Қарасай ауданында  (бұрынғы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы) дүниеге келген.   Қаз¥ПУ-ды бітірген (1969).Қазақстан Жастар одағы сыйлық лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.  1962 — 1984 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Қызылорда облысы “Ленин жолы” газетінде әдеби қызметкер, “Жазушы” баспасында редактор, ауыл мектептерінде мұғалім болды.

1985 жылдан Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ү. Кәрібаев мұражайының директоры. Айтыс өнерінің қайта жаңғырып, дамуына үлкен үлес қосқан.

“Елім менің” (1962), “Көңіл қошы” (1970) атты жеке жыр жинақтары шыққан. Айтыстары “Жыр шашу”, “Мәңгі көктем” (1988) жинақтарына енген. Республикалық айтыстарда, М. Көкеновпен (1980), Ә. Манаповпен (1985), т.б. болған жыр сайыстарында дәстүрлі айтыс өнерінің жаңаша дамуына елеулі үлес қосты.

НАДЕЖДА ЛУШНИКОВА МЕН ӘБДІКЕРІМ МАНАПОВТЫҢ АЙТЫСЫ. 1984 ж. (БЕЙНЕ)

НАДЕЖДА ЛУШНИКОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КОМАНДАЛЫҚ ҚАЙЫМ АЙТЫС. 1984 ж. (БЕЙНЕ)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *