МАНСҰРОВ Нұрмат

МАНСҰРОВ Нұрмат

 601 0

                    МАНСҰРОВ Нұрмат Абдоллаұлы 

     1985 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Сырдария ауданы С. Сейфуллин ауылында туылған. Қызылорда қаласының Қазақ Заң Гуманитарлық университеті «Әділ сот және сот төрелігі» факультетінің  түлегі. 2002-2003 жылдары студенттер арасындағы «Студенттер көктемі» өнер фестивалі аясында өткен ақындар айтысына қатысып, алғаш рет қадам  басты.  «Шабыт» Халықаралық жастар фестивалінің Айтыс номинациясы бойынша Гран при иегері (2005).

         Қызылорда қаласының астана болғанына 80 жыл болғанына арналған  «Жырым сенсің, Қызылорда!» республикалық ақындар айтысының  жүлделі І орын (2005), Қызылорда қаласында өткен Сыр сүлейі, ақын Т.Ізтілеуұлының 125 жылдығына арналған «Тау тұлға – Тұрмағамбет» атты республикалық ақындар айтысының ІІІ орын (2007),Халық ақыны Манап Көкеновтің 80 жылдық мерейтойына арналған “Манаптың бір өзі – бір театр” атты Республикалық ақындар айтысының ІІ орын (2008), Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Сырда туған жаңа Гейне мен болам…» атты республикалық ақындар айтысының ІІ орын  (2008), «Тәуелсіздік – мәңгілік мұратымыз» атты Республикалық ақындар айтысының І орын  (2011), Сырдария ауданында өткен Республикалық айтыстың Бас жүлде (2011), Жалағаш ауданында Бұхарбай батырдың 200 жылдық мерейтойына арналған Республикалық айтыстың бас жүлде (2012) иегері.

     Облыс деңгейіндегі «Айтыстың  дарабозы» (2005), «Сыр үміті» (2012) сыйлықтарының иегері.

НҰРМАТ МАНСҰРОВ ПЕН ДИДАР ҚАМИЕВТІҢ АЙТЫСЫ (БЕЙНЕ)

НҰРМАТ МАНСҰРОВ ПЕН САРА ТОҚТАМЫСОВАНЫҢ АЙТЫСЫ (БЕЙНЕ)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *