Басты бет Жазба өлеңдер Бауыржан Халиолланың өлеңдері
Бауыржан Халиолланың өлеңдері
0  1 172

Бауыржан Халиолланың өлеңдері

 1 172 0

Айтыскер ақын Бауыржан Халиолланың жазба өлеңдері   

(Орал)

        Түнгі эллегия

 Күнім қайда қызықпен кешегі өткен,

 Өмір көші жылжиды, көшеді еппен.

 Өткен жаздың көз жасы секілденіп,

 Аспан бүгін жылайды не себептен?

 

Ете алмайсың үстемдік тағдырыңа,

 Мойынсұнып көнесің барлығына.

 Жүр одан да жуынып қайтайықшы,

 Жұмбақ түннің жып-жылы жаңбырына.

 

Бақыт деген алдамшы алтын балық,

 Желбезегі арбаған жарқыл қағып.

 Жастықұшып барады өткен шаққа,

 Қайғы қонған қанатын салқын қағып.

 

Қош бол жастық, сен енді оралмайсың,

 Өтінгенмен қайта кеп қол алмайсың.

 Оңашада ойланып отырғанда,

 Тек сен ,сәулем, айналып соғардайсың.

 

Келмей отыр көңілдің күйі мына,

 Қара сәуле көзіме құйылуда.

 Мәңгі тоқтап қалғандай қу тіршілік,

 Қапқара түн қонақтап иығыма.

 

Қайдасың сен жарық күн, жарықғалам,

 Қыраның ем көгіңде қалықтаған.

 Тоқтағанша жүрегім өз қолыммен,

 Болашаққа жырымды алып барам!!!

1

 

Еске түссе ертегі

 

Сені, жаным, сүйем деуші ем мәңгілік,

 Күн батқанда, атқан шақта таң күліп.

 Айқайласам, қайталайтын атыңды,

 Алатауды жарып шығып жаңғырық.

 

Енді бүгін ғашықтықтан жалығам,

 Құлан құсап жеріп кеткен қағынан.

 Өкінбеймін… өкінбеймін мен қайта,

 Жынды қылған жылдарымды сағынам.

 

Бірге болу еді бізге басты арман,

 Жібіткенсің жүрегімді тас болған.

 Еміренген екеумізден ұялып,

 Қанша жұлдыз ағып түсті аспаннан.

 

Жұлынымыз кететіндей жұлынып,

 Ағыл-тегіл өксіп, іштей ұлыдық.

 Айдыңөзі иығыңа қонақтап,

 Ақ жүзіңді аймалайтын құнығып.

 

Содан Тағдыр қойды кенет қырсығып,

 Жолымызды бөгей берді тіршілік.

 Қалып қойды кінәсі жоқ махаббат,

 Қара түнніңқойынында тұншығып.

 

…Еее, шырағым, мен де жүргем төс қағып,

 Аһұрғанмен бақытымнан кеш қалып.

 Алматыға бару оңай деймісің,

 Ерте… Ерте… Ертегіні еске алып…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *