Басты бет Негізгі бет Сүйінші! «Жастар» телеарнасында жаңа жоба!
Сүйінші!  «Жастар» телеарнасында жаңа жоба!

Сүйінші! «Жастар» телеарнасында жаңа жоба!

 754 3

   Ардақты айтыссүйер қауым! Биылғы жылдың наурыз айынан бастап «ЖАСТАР» телеарнасының  жобасы «ЖЫР ДОДА»  теле-айтысының бірінші маусымы қалың көрерменге жол тартпақ. Айтыс «ЖАСТАР»  телеарнасынан аптасына бір рет көрсетілетін болады. Айтыстың жүргізушісі ретінде айтыскер ақын, әнші  Төреғали Төреәліұлы тағайындалды. Айтыстың алғашқы маусымына Еліміздің әр өңірінен 14 ақын іріктелді. Аталмыш жобаға еліміздің кез-келген өңірінен 23 жасқа дейінгі айтыскер ақындар қатыса алады.

Қосымша ақпараттарды жоба жетекшісі Мақсат Жақаудан біле аласыздар! Ұялы тел: 8701 304 2770  

«ЖЫР ДОДА»  теле-жобасының 1-ші маусымына қатысушы ақындар:

  1. Нұрлыбек Құрманов. (Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Үшсай ауылы)
  2. Серікхан Жүзеев (Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Тұрмағанбет ауылы)
  3. Әділбеков Сырым  (Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Тұрмағанбет ауылы)
  4. Дархан Әбдіманатұлы  (Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Кеңес ауылы)
  5. Рай Дөңбай (Жамбыл облысы, Байзак ауданы, Кенес ауылы)
  6. Бестенқұлов Айбек Бақбергенұлы. (Алматы облысы Ұйғыр ауданы,Сұңқар ауылы)
  7. Алтынбек Ибрагимов. (Алматы қаласы)
  8. Айтбек Тұрсынбаев.  (Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылы)
  9. Жолмағамбетов Абай Қалмұратұлы. (Манғыстау обл.Жаңаөзен қаласы)
  10. Жүмәділ Серік.  (ОҚО Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылы)
  11. Бибігүл Жандарбекқызы. (Алматы қаласы)
  12. Әсет Дүйсебаев.  (Жамбыл обл. Байзак ауд.Кенес ауылы)
  13. Орынбасарова Жібек  (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылы)
  14. Жәнібек  Бейбітов  (Ақтөбе қаласы)

Пікірлер(3)

  1. Торегали жургизсе жетискен айтыс болады екен. Айтысты какпайтын биреу уйымдастырады гой сонда

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *