МАҚСҰТОВ Қуаныш

МАҚСҰТОВ Қуаныш

 471 0

                                      МАҚСҰТОВ  Қуаныш Машкенұлы

     1963 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған. 1979 жылы осы аудандағы Қаратал орта мектебін, 1988 жылы ҚарМУ-ның филология факультетін бітірген. Халықаралық, республикалық ақындар айтыстарының, республикалық  «Жігер» фестивалының, Университеттердің Бүкілодақтық фестивльдарының лауреаты.  «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде өткен республикалық «Аламан айтыс» жарысында «Орақ тілді, от ауызды Ақын» атағы берілген (2006-2008). Ақындар айтысындағы батыл да шыншыл қоғамдық — саяси ойлары үшін халқымыз: «Сары тентек»  деп атайды.

       Бірнеше интелектуалдық жобалардың авторы. «Замандас-Современник» газетінің негізінде жасаған «Қазақстанның ақпараттық индустриясы» деген жобасын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жоғары бағалаған. Жастардың рухани, мәдени, саяси белсенділігін арттыруға арналған «Балауса» әдеби — шығармашылық бірлестігі» атты жобасы республикалық, одақтық шараларымен танымал болған.  Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның бағдарламалары аясында  өз жобаларын жүзеге асырған.

            «Мәңгілік мұңның әуені» атты бардтық әндер жинағы (2013), «Тәкаппар мұңның кербез тамшылары» атты жыр жинағы (2013) жарық көрген.

            «Астана қаласының  10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

            Қарағанды облыстық телевизиясында аға редактор, Қарағанды облыстық  «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, Жезқазған облыстық Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, «Қазтұтынуодағы» Жезқазған облыстық басқармасы төрағасының орынбасары, Қарағанды облыстық «Замандас — Современник» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «САЙГЕЗ» жеке қоры мен «МАЗДАУ» қоғамдық қорын басқарады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *