МАРАТҰЛЫ Фархат

МАРАТҰЛЫ Фархат

 834 1

                                                    МАРАТҰЛЫ  Фархат 

     1987 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы  Сұлусары ауылында дүниеге келген. Ең алғаш 7-сыныпта аудандық оқушылар айтысына қатысқан.  8-9 сыныптан бастап Семей қаласындағы «Наркескен» ақындар мектебінен тәлім алды.  2004-2008 жылдар аралығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Қазақ филологиясы факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын меңгерді. 2010 жылы Алматы қаласында жасөспірімдерге айтыс өнерінің қыр-сырын үйрету мақсатында «Арда» жас ақындар клубын ашты. 

    Бүгінгі күнге дейін біршама Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері атанды. 2005 жылы Талдықорған қаласында өткен Сүйінбай Аронұлының 190 жылдығына арналған Халықаралық айтыстан 1-орын, 2006 жылы Өскемен қаласында өткен «Ана тілім – ардағым» атты Республикалық студент жастар айтысынан 1-орын, 2007 жылы Семей қаласында өткен Республикалық «Ақ орда» айтысында   2-орын,  2009 жылы Ташкент қаласының 2200 жылдығына   арналған Халықаралық айтыстан Бас жүлдені иеленді.

    2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында өткен республикалық ақындар айтысының Бас жүлдегері.

ФАРХАТ МАРАТҰЛЫ МЕН ЕРЖЕҢІС ӘБДІНІҢ АЙТЫСЫ (БЕЙНЕ)

 

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *