МУСИНА Жансая
1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданының орталығы Сайхын селосында дүниеге келген. 2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жылғы түлегі (2002-2006). 2013 жылы аталған оқу орнының магистратурасын аяқтады.
Қарағанды қаласында студенттер арасында өткен «Жас толқын» фестивалінің бас жүлде (2005), Сырым Датұлының 265 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында бас жүлде (2007). Талдықорған қаласында Сүйінбай Аронұлының 190 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысында ақын Сара атындағы 2-жүлде, Шымкентте өткен дәстүрлі «Наурыз» айтысында бірінші орын (2010), Маңғыстау облысында өткен Қашаған Күржіманұлының 170 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында бас жүлде (2011), Шымкент қаласында өткен Абылайханның 300, Төле бидің 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында Абылайхан атындағы Бас Жүлдені (2013) иеленді.
Ақын қыздың айтыс үлгісі «Жайықтың айтысына жарты ғасыр» атты жинаққа енген. 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімі тағайындаған Ақұштап Бақтыгереева атындағы стипендияның тұңғыш иегері атанды.
ЖАНСАЯ МУСИНА МЕН МЕЙІРБЕК СҰЛТАНХАННЫҢ АЙТЫСЫ. 2011 ж. (БЕЙНЕ)
ЖАНСАЯ МУСИНА МЕН НҰРМАТ МАНСҰРОВТЫҢ АЙТЫСЫ. 2013 ж. (БЕЙНЕ)
жансая нагаз мыкты акын
жансаянын аламан айтыстагы бейнеси жокпа
Жансая ор минезди боиында махамбетпен исатаидын минези бар керемет азулы акын
Калыныз калай мен сизге ризамын осыдан ары карай жене бериниз канатыныз талмасын деп тилеймин сиз киши жуздин кызы екенсиз менде киши жузбин тагы айтыска шыгыныз биз жанкуйер болып журе берейк сау болыныз.
Жансая мен Балгынбектин айтысын кутип журмин 2уи де хит анмен айтысса екен
Жансая қазіргі ақын қыздардың ішіндегі ең мықтысы!!! Барлық айтысы тамаша, керемет айтысады, әсіресе қалжыңдап айтысқаны. Шығармашылық табыстар тілейміз!!! Бойыңыздағы шығармашылық қуат пен шынайы талантыңыз сарқылмасын!!!
Балгынбек айтыстан пенсияга шыкпап па ед!?
жансая мен сиздын айтыстагы создерынызды суйып тындаймын с/н Бауыржан 87022702255 званданыз жеке сурагым бар сызге деген
Жансая, айналайын, онерин жана берсин! оз басым ар дайым сени сагына кутемин, себеби — ешкимге уксамайтын, озинин азил манерадагы стилин бар. Айналайын, шыгармашылык табыс тилеймин! Мурат,шындарын аластанбасын! Канаттарын талмасын! Жетистиктерин коп болсын!