Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906)

 1 151 0

Мұрат ақын ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып, зеректігі арқасында тез арада мұсылманша хат таныған.
Мұрат жас кезінен жиын-тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде «шешен, тапқыр бала» атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествосы соңғы кезге дейін жөнді бағаланбай келді.
Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы 63 жасында, Жайық бойындағы Өрлік аулында қайтыс болған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *