МҰҚАМӘДИҚЫЗЫ Егеухан

 332 0

Е. Мұхамедиқызы   МҰҚАМӘДИҚЫЗЫ Егеухан

        1940 жылы 1 сәуірде Моңғолияның Баян Өлгий аймағы  Баяннур сұмынының Олоннур шұңқыр жұртында дүниеге келген. Баяннур орта мектебінде отыз жылдай кітапхана меңгерушісі болып қызмет істеген. Он алты жасынан ақындар айтысына қатысып, шығармалары Моңғолияда, Қазақстанда шыққан оннан аса топтама жинақтарға енген.   «Ақ қайың» (1971), «Ару арманы» (1977), «Қос қанат» (1982), «Алмийн цэцэрлэг» (моңғол тілінде, 1989), «Қос ішек» (Алматы, «Жалын», 1996), «Қайтқан қаз» (Астана, «Аударма», 2005 ), «Махаббат жетегінде»  (Астана,  «Фолиант», 2010) атты жыр жинақтары жарық көрген.  

             Е. Мұқамәдиқызы Моңғолия қазақтарының айтыс өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Айтыс ақыны» атағын алған. 1989,1992 жылдары Алматыда өткен халықаралық ақындар айтысында, 1998 жылы батыр Бақтыоразға ас беру айтыстарында жүлдегер атанған. Абай мен Жамбыл мерейтойларында облыстық, аудандық айтыстарға қатысқан. 1998 жылы Үржар ауданының 70 жылдық мерейтойындағы айтыста «Ана қыран ақын» атағына ие болған. 1999 жылы «Мың жылдық думан  Астана» аясында өткен «Айтыстың сағындырған саңлағы» атты айтысқа арнайы шақырумен қатысқан.   1971,1976,1978 жылдары «Жаңа өмір» газетінің, 1984, 1986 жылдары республикалық телерадионың кезекті сыйлықтарының иегері. Мәдениет министрлігінің, Жазушылар, Журналистер, Бейнелеу өнері одақтарының Құрметті дипломдарымен, Моңғол Халық Республикасының 50, 60, 70 жылдық құрмет медальдарымен, 1-2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған. МХР-дің еңбек ардагері.   1983 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1990 жылдан Моңғолия Жазушылар одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Моңғол Халық Республикасының екінші разрядты шахматшысы. Он бала тәрбиелеп өсірген «Алтын алқалы» ана. Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері». Қазір Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көкөзек ауылында тұрады. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *