ЖҮСІПОВ Кенжебай

 652 0

К. Жүсіпов       ЖҮСІПОВ Кенжебай Сыздықұлы 

 ҚР Мәдениет қайраткері

      1966 жылы     14 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1973-1983 жылдарда мектеп қабырғасында оқыған. Алматы байланыс училищесін бітірген (1986). 1988 жылдан бастап суырып салма ақындығымен ерекшеленген ол облыстық, республикалық дәрежедегі айтыстардың жүлдегері атанып келеді. Абайдың 150 жылдығына арналған ақындар айтысында ең алғаш бас жүлдені (1994) иемденді.

Қырғызстанда Манастың 1000 жылдығына орай өткен халықаралық ақындар айтысының жүлдегері (1994). Москва қаласында өткен І дүниежүзілік түркі халықтарының фестивалінің дипломанты (1997). М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысының 1-орын иегері.  Аймақтық «Ғасыр» айтысында 3-орын (2000) иегері, С.Мұқановтың 200 жылдығына арналған республикалық айтыстың лауреты (2000). Ақтөбе қаласында өткен Н.Байғаниннің 140 жылдығы аясында өткізілген айтыста 1-орын, Түркістан қаласының 1500 жылдығы қарсаңында өткен халықаралық ақындар айтысында М.Көкенов атындағы жүлде иегері.

        2001 жылғы облыс әкімінің степендианты. Осы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай өткізілген айтыста Алғыс хатпен марапатталады.   2001 жылы «Жас алаштың» 80 жылдығына байланысты «Шиелі ауданының ақындары облыс ақындарын айтысқа шақырады» атты ақындар айтысының бас жүлдегері. Осы жылы «Ақындар келді ауылға» атты аймақтық ақындар айтысын ұйымдастырғаны үшін, аудан әкімінің марапаттау  қағазын алған.

       Шиелі ауданында өткен «Мен де ауылда туылғанмын» атты аймақтық ақындар айтысының бас жүлдегері. Байқоңыр қаласында «Денсаулық жылына» орай өткізілген республикалық айтыста І орын, Қ.Әбдіқадыровтың 100 жылдығына арналған облыстық байқауда 3-орын (2003), М.Көкеновтің 75 жылдығына арналған «Бір өзі бір театр» атты аймақтық айтыста І орын (2003), Шымкент қаласында өткен республикалық  айтыста ІІ-орын (2004), Байқоңыр қаласында өткізілген «Ұшқыр ойлар» республикалық ақындар айтысында бас жүлде (2005), Халықаралық «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген Сүйінбайдың 190 жылдығына арналған ақындар айтысында «Мәдени мұра» атындағы жүлде  (2005), Алматы қаласында өткен Райымбектің 300 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында темір тұлпар, М.Мерәлінің 165 жылдығына орай  Орал қаласында өткізілген Халықаралық айтыстың ІІ-орын (2006), Қызылорда қаласында өткен Т.Көмекбаевтың 110 жылдығына арналған облыстық  айтыста ІІ-орын, Байқоңыр қаласында өткен «Ұшқыр ойлар» айтысында 2-орын, «Ақ орда көш бастаған көсемім» атты айтыста 1-орын, А.Әлжановтың 100 жылдығына арналған республикалық  айтыста  ІІ- орын, «Бір өзі бір театр» атты Қызылорда қаласында өткен республикалық байқаудан Бас жүлде (2008),  М. Көкеновтың 80 жылдығына орай өткізілген Республикалық айтыста бас жүлдені (2009) жеңіп алған.   1998 жылы жылжымалы мәдени-демалыс кешенінің меңгерушісі болған. «Жадыра» ойын-сауық  отауының интермедиялардың, сол сияқты «Күлкі керуен» ойын-сауық отауы бағдарламасының авторы болып келеді. «Әке мен бала», «Қойшы бала», «Қызбен танысу» интермедияларының авторы.

            «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері  (2011).

Ақынның «Алтын анам», «Бақытым», «Ақ неке», «Ғалижан» т.б. әндері халық арасында жиі орындалып, өзінің лайықты бағасын алып келеді. Драма жанрындағы «Нянка», «Құралайдың хаты», «Жаралы ана» т.б. интермедиялары, монологтары республиканың үлкен сахналарында, атап айтсақ, «Күлкістан» театрының сахнагерлерінің сахналауында көрерменге жол тартты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *