Басты бет Мақалалар АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

 562 0

jpeg Сәтбаевта өтетін айтысқа санаулы күн қалды

         Құрметті оқырмандар! Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы өз мүмкіндіктеріне орай аймақтық айтыстар өткізу шараларын бастады. Биылғы наурыз мерекесіне орай аймақтық ақындар айтысын Сәтбаев қаласында өткізуге  қаланың Әкімшілігімен бірлесіп дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мәңгілік Ел идеясының аясында қазақтың ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе көтеруінің салтанатын баянды ету, тәуелсіздіктің жарқын мысалдары арқылы елдің ертеңгі күндерін елестету, жаһандану дәуіріне қадам басқан Қазақ елінің ұстанар ұстындарын дәріптеу, ұлттың келешегіне көз жіберу. Негізінен руханият мәселелерін жырлайтын айтыста қазақ халқы қай қасиеттерін сақтап, ардақтап қай мінездерден арылу керектігін жыр тілімен санаға сіңіру.

             Ұлыстың Ұлы күні мейрамы қарсаңында өтетін айтыстың тақырыбы көпшіліктің ұсынысымен «Қош келдің, әз Наурыз!»   деп жаңартылды. Республиканың аймақтарынан 16 ақын қатысатын жыр додасының жүлде қоры да анықталды.

БАС ЖҮЛДЕГЕ -2 000 000 теңге,

І — орын — 1 000 000 теңге,

ІІ — орын — 750 000 теңге,

ІІІ — орын —  500 000 теңге.

Сонымен қатар айтысқа қатысып, атсалысқан ақындырдың барлығына да қаржылай қомақты жүлде  тағайындалып отыр.

 

Өтетін жері: Сәтбаев қаласы, Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер мәдениет үйі.

Уақыты: 19 наурыз күні сағат 15.00-де, 20 наурыз күні сағат 11.00-де.

КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР! ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЖЫРМЕН ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *